Париж-2024: Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай ширек финалда жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚР спортты дамыту дирекциясы
Ширек финалдық жекпе-жекте бокстан 92 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Айбек Оралбай мен Әзірбайжан атынан сынға түскен Альфонсо Домингес арасында өтті. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бірінші раундта Айбек 4:1 есебімен алға шықты.
Екінші раундта 3 төреші әзірбайжандық боксшының пайдасына, 2 төреші қазақ боксшысының пайдасына шешім шығарды. Жағдай теңестіріліп, барлығы 3-ші раундта шешілді.
Айбек шабуыл жасап, бірнеше рет жақсы соққы берді. Алайды төрешілердің шешімімен Альфонсо жеңіске жетті.
Еске салсақ, Париж олимпиадасында бокстан әйелдер арасында өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”