Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгенің қайғысымен танымал болу: Пойыздағы зорлық туралы сауалнама жүргізген Бердоңғаров қазақстандықтарды ашуландырды

Бұрынғы депутат, қазіргі қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаров «Тальгодағы» зорлау оқиғасынан кейін пойыздағы зорлыққа қатысты сауалнама жүргізген. Алайда оның бұл әрекеті қазақстандықтарды ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзгенің қайғысымен танымал болу: Пойыздағы зорлық туралы сауалнама жүргізген Бердоңғаров қазақстандықтарды ашуландырды

Тәңірберген Бердоңғаров әлеуметтік желіде пойыздағы зорлыққа қатысты сауалнама жүргізіп, кімнің сөзі өтірік екенін сұраған. Ондағы нұсқаларда «жолсеріктер» және «әйел» деп көрсетілген. Айта кетсек, сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы жолсеріктердің сөзі өтірік десе, 33 пайызы әйелге сенімсіздік танытқан.

Өзгенің қайғысымен танымал болу: Пойыздағы зорлық туралы сауалнама жүргізген Бердоңғаров қазақстандықтарды ашуландырды

Экс-депутаттың аталған сауалнамасынан кейін «Немолчиkz» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі наразылық танытты. Ол қоғам белсендісінің бұл әрекетін қазіргі уақытта жәбірленушінің жеке мәліметтерін таратып жатқандарды арандату деп атады. 

«Құрманияз Қолқанат пен Жетес Үмбетәлиев ҚР сотымен соталды. Сіз сот шешіміне күмән тудырудасыз. Сіз олардың сотталғанына қарамастан, «зорлаушылар кінәлі ме?» деген тақырыпта пікірталасуға мүмкіндік беріп отырсыз. Сіз сауалнама мен дауыс беру жүргізудесіз. Біз және басқалары сізді қандай баптар бойынша сотқа бере алатынымыз туралы заңгерлер кеңес береді деп үміттенемін», - делінеді қозғалыстың Facebook желісіндегі жазбада.

Өз кезегінде Бердоңғаровтың бұл тақырыпта сауалнама жүргізгені қазақстандықтарды да ашуландырды. Олар қоғам белсендісі біреудің қайғысы арқылы танымал болмақ деп сынады.

«Тәңірбергеннен көңілім қалып отыр. Мұндай проблема арқылы лайк жинауға болмайды», «Тәңірберген біреудің қайғысы арқылы хайп жасауды ұйғарды. Бұл сұмдық. Осыдан кейін оны кім құрметтейді?», «Тәңірберген үнемі өзгенің қайғысы арқылы хайп жасайды. Қолынан ештеңе келмейді, қу сөз», «Мұндай әрекет арқылы танымалдыққа жетпек пе? Бұл ашық арандату ғой. Бумеранг болып оралады. Ақымақтық», - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетсек, Тәңірберген Бердоңғаров сотталған жолсеріктердің ата-анасының сұхбатын жариялады. Артынша қоғам белсендісі бұл әрекетіне өкініп қалды. 

Талқылау