Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Маған қазақтар тіпті де ұнамайды

Жақында ғана өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан Атырау облысының тумасы Заида желіде қызу талқыға алынды. Көпшілік оның жеке өміріне қызығушылық таныта бастады. Жолдасына, денсаулығына, дене күтіміне қатысты сұрақтар қояды. Осы ретте Заида өзіне сауал қойған оқырмандардың сұрағына қатаң жауап берді. 

“Сені бір қазақ әйелдікке алмайды дейді. Құдайға шүкір. Әзіл. Мүмкін әзіл де емес. Қысқасы, бәрі менің салмағымды талқылайтын болды. Арықтауға кеңес береді. Қазақтар сені алмас та еді, негрге тимегенде не істейді дейді. Маған қалай арықтауға болатынын айтып хаттар жазады. 

Маған сіздердің көмектеріңіз керек емес екенін ойландыңыздар ма? Маған өзімнің осы салмағым ұнайтынын білмейсіздер ме? Сіздердің кеңестеріңіз бен ойларыңызды ұрғаным бар. Қазақтардың толық қыздарды ұнатпайтындары да қызықтырмайды. Әрі-беріден соң маған қазақтар мүлде ұнамайды. Немене ренжіп қалдыңыздар ма? Мені ренжіткенде олай ойламадыңыздар ма?”, – деп жазды Заида.

Айтуынша, өзіне дене күтіміне, сымбатына қатысты кеңестер айтып, арықтаудың жолын ұсынатындар көп. Тіпті жеке басына тиетін сөздер көптеп айтылады деп кейіді. 



“Бір әйел маған “саған арықтау керек” деп жазыпты. Парақшасына кіріп көрсем, өзіне де арықтау керек секілді. “Сізге де арықтау керек екен” десем ренжіп қапты. Сіз менің парақшама кірдіңіз. Бәрін ақтардыңыз. Пікіріңізді жаздыңыз. Мен сіздің бықсығыңызды тыңдауым керек те, сіз тыңдамауыңыз керексіз бе?

Қысқасы, жігіттер қарамайды деп ойлайтын толық қыздарға айтарым. Бастысы өзіңізді жақсы көріңіз. Өзіңізді қабылдаңыз. Содан ләззат алыңыз. Айта кетейін, мен ешқандай жігіттің көңілінен тасада қалған жоқпын. Көрікті жігіттер де кездескен”, – дейді жас келін.

Заида тек денсаулыққа зияны болған жағдайда ғана арықтауға болатынын түсіндіруге тырысады. Ал толық қыздарға қолдау көрсетіп, өз кеңесін айтты.

“Егер денсаулығыңызға зияны тиетін болса, артық салмақтан арылған дұрыс. Ал, басқа себеп жоқ. Еркектер үшін өзіңді өлтірудің керегі жоқ. Ол қаласа сенің сол қалпыңды жақсы көреді. Сізді май қатпарымен де ұнатады. Сіз ханшайымсыз. Нүкте”, - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тумасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты. Нигерия азаматымен бас қосып, дүркіретіп ұзату тойын өткізді. Желіде ерекше жұптың тойдағы видео, фотосы таралып талқыға түсті.

Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 26 Қазан, 2021 16:55
Талқылау