"Өзбекстан біздің жаққа бір тамшы да су келмейді деп сендірді": Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мақтаралдағы жағдайды баяндады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі тікелей эфир кезінде: "Өзбекстан біздің жаққа бір тамшы да су келмейді деп сендірді, бірақ Мақтаарал ауданына су келуді жалғастырып жатыр", - деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Неге кеш эвакуацияланды, себебі өзбек тарапы бізді ресми түрде сендірді. Және бізде өзбек тарапымен кеше кешкі сағат 20-да жағдай тұрақты және ешқандай проблема жоқ екені туралы хат сақталып қалды. Су Түркістан облысына, Мақтаарал ауданына келетіні туралы алдын-ала еркерту болған жоқ.

Түркістан облысының әкімін Өзбекстанның су ресурстары министрі су ағынының тоқтағанына сендірді. Алайда, біз неге екенін білмейміз, су келуді жалғастырып жатыр (...) Ол Мақтаарал бағытына бір тамшы да су өзбек тараптан келмейді деп сендірді. Ағынды судың деңгейі 45 сантиметрге дейін төмендеді деді. Бұл ретте  біздің арналар мен коллекторлардағы деңгей сағатына орташа есеппен 10-20 сантиметрге артып жатыр", - деді Қалқаманов тікелей эфир барысында.

Ол аудан аумағында құрбандар және үлкен зардап болмауы үшін барлық күш-шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Түркістан облысы ТЖ департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов су басу туралы белгіден кейін бірден Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне қоңырау шалған.

"Олар біздің уақытымыз бойынша 20:15-те су қоймасында су толығымен біздің жаққа жабылғанын айтты. Бірақ мен жеке өзім Мақтааралға, дәлірек айтсақ, Жаңа Тұрмыс ауылына барған кезде, ол ешқандай нәтиже бермегенін көрдім. Су жылдамдығы өте күшті болды, күшті толқынмен жүрді. Елді мекендердің барлық тұрғындарын құрбансыз мен зардап шеккендерсіз сәтті эвакуациялап үлгердік", - деді Жүнісов. 

"Өкінішке қарай, су ағынын тоқтату біздің қолымызда емес, себебі бұл арна - ағызу арнасы. Су сағатына 10-20 сантиметр жылдамдықпен келеді. Сондай-ақ, Нұрлы жол ауылында су тасқыны қаупі жоғары. Иә, су ағыны кешегі сияқты қарқынды емес, дегенмен, негізінен ол өзгеріссіз", - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сәкен Қалқаманов айтуынша, Жеңіс ауылын су басқаннан кейін жазықта орналасқан тағы төрт ауылға қауіп төніп тұр. 

"Фирдоуси кентінің шеткі үйлері су астында, 20 сантиметр су қабаты бар. Көптеген үйлердің іргетастары мен аулалары су астында. Сонымен қатар, осы кентті аудан орталығымен байланыстыратын жол арқылы суі өтуі жүріп жатыр. Тағы екі кент қауіпті аймақта орналасқан. Жаңа Тұрмыс кенті үш жағынан сумен қоршалған", - деп атап өтті Қалқаманов.

Бұл кенттердің тұрғындары эвакуацияланды.

"Қорғаныс бөгеттерінің құрылысын тездетіп, коллекторларды жауып тастауға тырыстық, бірақ Өзбекстан аумағынан ағып жатқан үлкен судың салдарынан әрекеттеріміз әлі сәтті аяқталған жоқ", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
Аудан орталығы - Мырзакент кентін су басу қауіпі әлі де бар. 

"Ішінара тұрғындар бұл ауылдан кетіп қалды, соған қарамастан біз оны қорғауды жоспарлап отырмыз", - деді Сәкен Қалқаманов.

Сондай-ақ, ол зардап шеккен кенттердің тұрғындарына өтемақы төлеу үшін шығындарды есептеуге әлі ерте екенін атап өтті.

"Біз әлі күнге дейін бағалау жүргізу үшін су басқан елді мекендердің аумағына кіре алмай отырмыз. Комиссия оны су төмендегеннен немесе сорып алынғаннан кейін жүргізеді. Шығынның орнын толтыру және басқа да төлемдер туралы өткір жағдайды аяқтағаннан кейін айтамыз", - деп жауап берді Facebook-тағы пайдаланушының сұрағына Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр