Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз күшіммен алдым": Айдана Меденова су жаңа көлігін көрсетті (видео)

Айдана Меденова жаңа көлік алғанын қуана хабарлады. Осы уақытқа дейін бірнеше рет көлік ауыстырса да, бұл – Меденованың өз күшімен алған алғашқы тұлпары, деп жазады Stan.kz.

"Студент кезімнен бері қиялымда жүрген арманыма қол жеткіздім. Бүгін – менің еңбегімнің ақталып, жұмысымның нәтижесін көрген күн! Мен үшін ерекше күн!" – деп ағынан жарылды әнші. 

Айдана алғашқы көлігін КешYou тобында мінгенін айтты. Алайда продюсер Баян Мақсатқызы келісімшарт аяқталған соң, темір тұлпарды қайтаруды талап еткен. Ал келесі көліктерін Меденоваға жары Әлішер Нұржанов сыйға тартқан. 


  • Тәуекел Мүсілімнің жары босану хикаясымен бөлісті
  • Аша Матай күйеуіне ұл сыйлауды армандап жүр

"Екінші көлікті Амина дүниеге келген кезде Алиш сыйлады. Ол Prada еді. Әлихан дүниеге келгенде Range Rover алып берді. Қиялымда болмаған көліктерді сыйлады ғой", – деп күйеуіне деген ризашылығын да білдірді. 
Алайда карантин кезінде дағдарысты сезінген отбасы соңғы көлікті сатып, шағын Toyota алған.

"Дәл осы шақта бизнестің басқа саласын меңгердім. Құдайға шүкір, бүгін сол арманым орындалып, өз күшіммен сол көлікті алып, мәз болып жатырмын. 

Студент кезімде күндердің күнінде өз күшіммен алған, үлкен қап-қара көлігім болғанын армандаушы едім. Блокнотқа суретін жабыстырып, қиялдайтын кездерім болды", – деп бөлісті Айдана.

 

 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сенбі, 03 Шілде, 2021 09:26
Талқылау