Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған": Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті

Түркістанда полиция жоғалған баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бакыт Айбар

1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізген.

“Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді”, – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Бакыт Айбар 2

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған. 

Полиция көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65,  8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666,  +77026376600,  +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне  хабарласуды сұрайды.

Талқылау