Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте жиіркенішті": Айгүл Иманбаеваның тілін шығарып түскен суретін жұрт сынап тастады

Айгүл Иманбаеваның тілін шығарып түскен суретін жұрт сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өте жиіркенішті: Айгүл Иманбаеваның тілін шығарып түскен суретін жұрт сынап тастады

Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, режиссерімен тілін шығарып түскен суреттерін жүктеген. Ол осылайша өзінің концерттерінің жақсы өтуіне ықпал ететін адамды жұртқа таныстырмақ болған. 

"Менің жеке концертімнің, жасап жүрген жобаларымның режиссері Андрей Еремин. Талантты және өте жақсы адам", - деп жазды Айгүл Иманбаева. 

Жазбаға қарағанда суретке көп мән берген жұрт өнер иесін сынның астына алды. Олар Айгүл Иманбаеваның бұл қылығын ерсі деп бағалап, әртүрлі пікір жазды. Жұрттың көбі әншіні мына түріңмен қалай шәкірт тәрбиелеп жүрсің деп сөккен.

"Тілдеріңізді шығарған кішкене жиіркеніштілеу екен көрген адамға. Жалпы кей суреттеріңіз шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздың әрекетіне ерсі екен", "Өте ұят мына суретіңіз, масқара", "Тілдеріңді шығарып не болды", "Сізден қаншама қыз үлгі алып жүр. Жасыңызға сай әрекет деп ойлайсыз ба", "Дегенмен қартайып қалыпсың, Айгүл", "Сонда тіл шығарған да өнер ме? Кішкене ұялыңызшы, жарасып тұрса біржөн", "Өте жиіркенішті" - десті жұрт. 

Талқылау