Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телехикая шығады

Алапат өрттен үш адамды құтқарып, өзі көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы “Қаһарман” атты телехикая түсіріліп жатыр. Мұны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Дархан Қыдырәлінің Facebook парақшасынан

Мемлекет басшысы бұл телехикая арқылы еңбек адамын насихаттауды тапсырған. Дархан Қыдырәлі телехикаяның түсірілім алаңына барғанын айтты.

“Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездестім. Бұл жерге Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келді, олармен әңгімелестік. Анель сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты.

Алапат өрт кезінде опат болған батыр бауырымыздың бейнесін көрсететін, сол арқылы жалпы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанқияр ерліктері һәм ерен еңбектерін шынайы суреттейтін телесериал нақты деректер арылы өрбиді”, – деп жазды министр.

Сериалды министрліктің қолдауымен “Bas production” компаниясы түсіріп жатыр. Ол қыркүйек айында “Astana” арнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде бір бала ауруханаға түсті. Ал 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, ауруханада көз жұмды. 

Талқылау