Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жүк көлігінің астына түсіп кеткен балалардың жағдайы белгілі болды

Оралда жүк көлігінің астына түсіп кеткен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Оқушылардың жағдайы туралы БҚО көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері айтып берді. 

“Бірден қабылдау бөлімінен тез арада ота жасау бөліміне ауыстырылды. Ота жасалынды. Қазір барлығы бөлімшеде. Жағдайлары орташа ауыр”, – дейді  БҚО көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Ескелді Жөкенов.

Оралда жүк көлігі үш оқушыны қағып кетті. Апат мектеп аялдамасында болған. Тізгінге ие бола алмаған жүргізуші есірткі шегіп алыпты.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жолда тұрған автобустың алдынан үш оқушы жүгіріп шыққан. Осы кезде жүк көлігі оларды қағып өткен. Кейін 32 жастағы жүргізушінің марихуана шегіп алғаны анықталды. Зардап шеккен мектеп оқушылары 11, 12 және 13 жаста. Олар дереу  ауруханаға жеткізілді. Екеуінің миы шайқалып, басына зақым келген. Ал үшіншісінің аяғына ота жасалды.

Ескелді Жөкенов, БҚО көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері: - Бірден қабылдау бөлімінен тез арада ота жасау бөліміне ауыстырылды. Ота жасалынды. Қазір барлығы бөлімшеде. Жағдайлары орташа ауыр.
 

Талқылау