Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жол апатынан жасөспірім көз жұмды: Микроавтобус рөлінде полицей отырған

Оралда 17 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі жүргізуші полицей болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 26 маусымға қараған түні Шолохов және Құрманғалиев көшелерінің қиылысында орын алды. БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota микроавтобусы бір орында тұрған Scooter-мен (жүргізушіден бөлек, 17 жастағы жолаушы болған) және ВАЗ-2110 автокөлігімен соғысқан. Екінші көлікте жүргізушіден бөлек, үш жолаушы бар еді. 

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы – 17 жастағы жасөспірім жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түссе, жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды. 
Болжам бойынша, микроавтобус жүргізушісі қозғалыс барысында ұялы телефонға қараған. 



Сенімді дереккөздің хабарлауынша, микроавтобус рөлінде полиция офицері отырған және ол мас болған. Аймақтық полиция департаменті ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Тек сараптама бойынша, жүргізушіден алкогольді ішімдік анықталмағаны айтылды. 
Ал облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 маусымда тергеу сотына күдіктіні қамауға алу туралы жаза қолдану туралы материал келіп түскенін хабарлады. Соттың шешімімен күдікті екі айға қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды. 

Талқылау