Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: Қара жәшіктер қайғылы жағдай болған сәтті жазбаған

Өткен жылдың 29 желтоқсанында Муан әуежайында апатқа ұшыраған оңтүстіккореялық Boeing ұшағының қара жәшіктері апат сәтін жазбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ahn Young-joon, File

Кореяның көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақ жерге соғылғанға дейін төрт минут бұрын рейстіркегіштер тоқтаған. Олардың тоқтау себебі анықталып жатыр.

“Ұшқыштардың сөйлесу жазбалары мен қара жәшіктің оны оқуы апаттың себептерін анықтау үшін маңызды деректер болуы мүмкін еді”, – делінген министрлік хабарламасында. 



Тергеу тобының хабарлауынша, диспетчерлер ұшқыштарға құстардың соғу қаупі туралы ескерткен. Ал ұшқыштар апатқа дейін қозғалтқыштарға құстардың кіріп кеткені туралы сигнал берген. Содан кейін ол апатты жағдайда қонбақ болған. Дегенмен бұл әрекет сәтсіз аяқталған. 

Айта кетейік, бұған дейін Jeju Air әуе компаниясының Бангкоктан Муанға ұшатын Boeing 737-800 ұшағы 2024 жылы 29 желтоқсанда апатқа ұшыраған еді. Бортта 181 адам болған, ал экипаждың екі мүшесі ғана аман қалған. 

Талқылау