"Біз қона алмаймыз": Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысының соңғы хабарламасы жарияланды
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы туысына хат жазып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: AFP
Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірінің туысы жақынының соңғы хабарламасын жариялады.
"Ұшақ қанатына құс тиіп кетті, біз қона алмаймыз", – деп жазған марқұм жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де.
Туысы бұл жағдай қашан болды деп сұрағанда, ол: "Дәл қазір. Соңғы сөздерді айтатын кез келген сияқты?”, – деп жазған ол.
Осы хабарламадан кейін онымен байланыс үзілген.
Еске салсақ, бұған дейін 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды. Апаттан 179 адамның мерт болғанын жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады