Оңтүстік Кореядағы апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма – Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Reuters
Сыртқы істер министрлігінің өкілі 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағында қазақстандықтар болмағанын айтты.
"Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін ұшақ бортында 181 адам болғаны белгілі болған. Болжам бойынша, ұшақтың соңында отырған жолаушы мен экипаж мүшесі ғана аман қалған. Жергілікті билік 62 адамның өлімін ресми түрде растады, бірақ құтқарылғандардан басқасының бәрі өлген болуы мүмкін екенін ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды. Апаттан 179 адамның мерт болғанын жазған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды