Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179-ға жетті
Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында болған ұшақ апатынан тек екі адам тірі қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оңтүстік Кореяда Муан әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған еді. Борттағы 181 адамның 179-ы мерт болды. Әзірге жолаушылар мен экипаж мүшелері туралы ақпарат жоқ. Бірақ 179-ы оңтүстік кореялық, ал екеуі Таиланд азаматтары екені белгілі.
Тірі қалғандардың біреуі жолаушы, біреуі экипаж мүшесі екен.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады