AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның қобалжыған сәтін пайдаландым": Елдос Сметов Олимпиадада қарсыластарын қалай жеңгенін айтты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов қарсыластары мен қолданған әдістері туралы айтты. Өзінің абыройын асқақтатқан халқына алғысын жеткізді. 

Елдос үшін Олипиадада жеребе қиынға түскен. Себебі төрт бірдей мықты спортшы бір топқа түскен. Алайда ол жас балуандардың қобалжыған сәтін пайдаланғанын айтады.

“Жапондық, грузиялық, кореялық балуан және мен бір топқа түстік. Мен үшін осы жеребе қиынға соқты. Бірақ менімен бірінші болып белдесуге шыққан түрік балуаны алғашқы рет олимпиадаға қатысып тұрғандықтан қобалжып тұрды. Мен оны сездім де, пайдаланып кеттім”, – деді Елдос. 

Спортшы екінші белдесуде де кәріс балуанының психологиялық тұрғыда дайын болмағанын айтты. 

“Екінші белдесуде кәріс балуанының психологиялық тұрғыда дайын емес екенін білініп тұрды. Оны да пайдаландым. Сондықтан екі рет лақтырып, таза жеңіске жеттім”, – деді спортшы.

Елдостың басты қарсыласы жапондық балуан болды. Сметов жапондық қарсыласына бала күнінен дайындалып келген екен.



“Мен қобалжыған жоқпын. Жүйкем орнында болды. Маған бұйрық жетпей қалды. Қарсыласымды екі рет құлатуға мүмкіндігім болды. Мен ұстаған жерімді жібермейтін адаммын. Ешқашан олай болған емес. Ол не берілу керек еді, не ұйықтап қалу керек еді. Оның орнынан тұрып әрі қарай күрескенін көргенде өзім де таңғалдым”, – деді ол. 

Айтуынша, үшінші белдесуде ол қалпына келіп үлгермеген. 

“Мен қалпыма келіп үлгермедім. Аяқ-қолымды жазып үлгермедім. Бірақ тым болмағанда қола алуым керек екенін білдім. Сондықтан бетпен құласам да, қалай болса да, арқамен құламауды ойладым. Барлық дайындығымды салдым. Мен толықтай дайын болдым. Олимпиадаға дайындалғанымның бәрін сол жерде көрсеттім. Індет кезінде бәрі қиын болды. Жаттығу да қиын болды. Бірақ мені бұрынғы жарақатым да мазалаған жоқ. Мен толықтай дайын болдым. Барымды салдым”, – деді ол. 

Қазақстандық балуан өзінің абыройын асқақтатқан халқына алғысын жеткізді.

“2016 жылғы Рио Олимпиадасы кезінде мен біршама жас болдым. Мен сол сәтте ғана алтын алуым керек деп мақсат қойдым. Бірақ күрес – бұл күрес. Осы жолғы жеңісімде өз көңіл күйіме ерік бердім. Көзімнен жас шығып кетті. Отбасымдағылар менен өте қуанды. Халқым мен алтын алғандай қуанды. Мені соншалық көтеріп тастаған халқыма алғыс айтамын”, – деді спортшы. 

Еске салсақ, Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр