Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Он сегізінші жеңісі: Александр Усик Дерек Чисораны жеңді (видео)

Бүгін Қазақстан уақытымен таңертең украиналық боксшы Александр Усик (18-0, 13 КО) британдық Дерек Чисораға (32-10, 23 КО) қарсы екінші ауыр жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Он екі раундтық кездесу Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Уэмбли Аренада өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан келіскен шешімімен аяқталды. Усик жеңіске жетті (117-112, 115-113 және 115-113).

Осылайша украиналық кәсіпқой рингтегі он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO Inter-Continental чемпионы атағын жеңіп алды, ал Чисора мансабында оныншы рет жеңіліске ұшырады.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласын нокаутпен жеңгенін хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Қараша, 2020 13:10
Талқылау