Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олимпиадалық емес спорт түрлеріне тыйым салынбақ": Шымкентте жаттықтырушылар мен спортшылар басқармаға келіп наразылық білдірді

Шымкентте олимпиадалық емес спорт түрлеріне тыйым салынбақ. Бұған келіспеген бапкерлер басшылық кабинетінде шу шығарды. Алайда оларды алып кеткен соң жаттықтырушыларды полиция алып кетіп, шәкірттер спорт басқармасына жиналды. Жекпе-жек түрлерімен айналысатын спортшылар не шәкіртақы, не жарысқа барар жолақыны жарытпаған жауаптылардың енді спортымыздан айырады деп наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Stan.kz 

Бапкерлер осы күнге дейін онсызда қаражаттың тапшылығынан шәкірттерді жарысқа да өз қалтамысынан апарғанын айтады. Осының бәріне көніп келдік деген жаттықтырушылар енді Жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі бөлімдерді жаба бастағанын жеткізді.

"Біз қайда барамымызды білмейміз. Далада қалайын деп тұрмыз. Бізге басқа спорт түріне ауысыңдар дейді. Бірақ, жаңа спортқа ауысып, ережесін үйренуге де уақыт керек қой. Тоеквандомен айналысып жүргеніме 10 жыл болды. Әлем чемпинатынан екінші орын алдым. Степендия береміз деген. Қанша уақыт өтті не степендия жоқ. Не спорт шебері деген атақты бермеді", – дейді спортшы Сұлтан Даутов.

Күні кеше осы жағымсыз жаңалықты естіген мамандардың бірі басшылықтың алдында білегін кесіп жібермек болған. Ашуға булыққан бапкерге жедел-жәрдем шақыртылып, кейін полиция алып кетіпті. Мұның себебін мамандар жұмыссыз қалудан емес, тәрбиелеген шәкірттерін далада қалдырудан қорқамыз деп түсіндірді.

“Негізі бізде бөлімдерді жабатын болса 50 жаттықтырушы жұмыссыз қалады. 50 бапкердің әрбірінде 100-200 адамнан оқушылары бар. Олардың барлығы спортсыз, жаттығусыз қалып кетейін деп тұр. Әлем чемпиондары бар. Азия чемпиондары бар. Олардың барлығы басқа спортқа өтсін дейді. 12 -13 жыл айналысып қойған спортшылар өте алмайды. Олардың қолынан келмейді”, – дейді бапкер Олимжан Абдукаримов.



Олимпиадалық емес спорттың аталмыш мектебінде 16 бөлім бар. Атап айтсақ, джиу-джитсу, ушу-саньда, муай-тай, кикбоксинг және унифайт сыеды спорт түрлері. Бұлардың ешқайсысы олимпиада спорт түрлеріне жатпайды. Алайда, Азия және Әлем біріншіліктері өтеді. Бапкерлер сөзінше спортшылар бұл жарыстардың ешқайсысынан құр алақан келмейді. Десе де Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы аталмыш спортпен айналыстарындарды олимпиадалық спорт түріне ауысуы керек дейді.

"Азия ойындарынан келгеннен кейін нақты тапсырма болған еді. Олимпиадалық спорт түрлерінің ішіндегі басым спорт түрлеріне көп көңіл бөлу керек деген. Сол бойынша қазір біз жұмыс істеп жатырмыз. Ұқсас спорт түрлері бар емес пе ұқсас спорт түрлерін біріктіріп, оны әрі қарай жауып тастау мақсат емес біріктіріп олимпиадалық спорт түрлерімен айналысса деген ниетпен жасалып жатқан нәрсе", – дейді Маратбек Мықтыбеков.

Айта кетейік, Шымкент бойынша олимпиадалық емес спорт түрімен 2500 бала айналысады. Ал олардың 161 бапкер жаттықтырады. Басқарма басшысының міндетін атқарушы олардың ешқайсысын далада қалдырмаймыз деп сендіреді. Муай-тай, ММА, ушу-саньда сынды спорт түрінен ел намысын қорғап жүргендер ұқсас спорт түріне өтуі керек дейді. Ал, наразылық білдірген спортшылар жаттығатын Шымкенттегі 3-Жоғары спорт шеберлігі мектебі басқа мектепке көшеді. Орнына бұқаралық спортты дамыту орталығы ашылмақ.

Талқылау