Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Рио олимпиадасының чемпиондары Дмитрий Баландин мен Ниджат Рахимов Қазақстан армиясы қатарына қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

405eed3d8b9472608b22490a28d6c290_XL

“26 желтоқсан күні Алматы қалалық қорғаныс істері департаментінің жиын бөлімінде әскер қатарына шақырылушылардың салтанатты жиыны өткізілді. Шақырылғандардың арасында – екі олимпиада чемпионы да бар. Олар жүзгіш Дмитрий Баландин және ауыр атлет Ниджат Рахимов”, – деп хабарлады қалалық қорғаныс істерді департаменті.

Жыл сайын Алматыда 2 мыңға жуық жігіт әскер қатарына шақырылады. Бұл жолы шақырылған 50 ер жігіт Астана қаласындағы №5537 әскери бөліміне борыштарын өтеу үшін аттанады.

Салтанатты жиын кезінде олимпиада жеңімпаздары қарумен саптық әрекеттер жасады. Дмитрий Баландин өз кезегінде барлық шақырылғандарға сәттілік тіледі.

20161226190829

Еске сала кетейік, екі чемпион да әскер қатарына шақыру қағазын олимпиадаға дейін алған болатын.

20161226190814

“Әр адам өз отанына қызмет етуі тиіс. Армия – әрбір ер адам өтуі тиіс мектеп. Мен бұған әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы да ерекше мақтанышпен кидім”, – деді Рахимов.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Рио олимпиадасында 100 метрге жүзу сынында олимпиада алтынын иеленді. Ал Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан 77 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түскен болатын.

Оқи отырыңыз:

Бокс аңызы Рой Джонс: қазақтың ұлттық тағамы, Головкин және өмірлік ұстанымы туралы

Қостанайда Сәбина Алтынбековаға бәсекелес ару пайда болды (фото)

Головкин жекпе-жегі билеттерінің бағасы қанша

Қанат Исламның келесі кездесуінің қай жақта өтетіні белгілі болды

Талқылау