Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин жекпе-жегі билеттерінің бағасы қанша

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының америкалық қарсыласы Дэниэл Джейкобсты азулы спортшы деп бағалады.

20160911094357

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Головкиннің командасы Джейкобстың кәсіби рингте жеңілістері бар екеніне қарамастан, оны аса қауіпті қарсылас деп отыр.

Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Жекпе-жекке билеттерді Madison Square Garden кассасынан немесе Ticketmaster.com сайты арқылы тапсырыс беріп алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жүйесі бойынша таратады. Көрермендер боксты көру үшін 54,95 доллардан төлеуі тиіс.

Madison Square Garden аренасы құшағына 17-18 мың адамды сыйдыра алады. Головкин соңғы рет бұл аренада канадалық Давид Лемьеге қарсы жұдырықтасып жеңіске жеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Криштиану Роналду төртінші мәрте “Алтын доп” иегері атанды

Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Златан Ибрагимович цирк стилінде гол соқты (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Талқылау