Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду төртінші мәрте “Алтын доп” иегері атанды

Португалия ұлттық құрамасы мен “Реалдың” шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық France Football журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысына берілетін “Алтын доп” сыйлығын иеленді.

photo_87610

Фото: France Football

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Марапатқа жалпы саны 30 аяқдопшы үміткер атанған. Оларға спорт журналистері дауыс берген.

2016 жылы Роналду “Реалмен” бірге Чемпиондар Лигасын, ал Португалия ұлттық құрамасымен Европа чемпионатын жеңіп алды. Ол бұған дейін “Алтын допты” 2008, 2013, 2014 жылдары иеленген еді.

MD2pfUL2nr4

Биылғы жылы бұл марапат үшін тартыста ол Лионель Месси (Барселона) мен Антуан Гризманның (Атлетико) алдын орап кетті. Сондай-ақ, үздік бестікке “Барселонаның” тағы екі шабуылшысы Луис Суарес пен Неймар кірген.

“Алтын доп” сыйлығына дауыс беру қорытындысы:

1. Криштиану Роналду (“Реал”/азаматтығы – Португалия)
2. Лионель Месси (“Барселона”/Аргентина)
3. Антуан Гризманн (“Атлетико”/Франция)
4. Луис Суарес (“Барселона”/Уругвай)
5. Неймар (“Барселона”/Бразилия)
6. Гарет Бэйл (“Реал”/Уэльс)
7. Рияд Марез (“Лестер”/Алжир)
8. Джейми Варди (“Лестер”/Англия)
9-10. Пепе (“Реал”/Португалия)
9-10. Джанлуиджи Буффон (“Ювентус”/Италия)
11. Пьер-Эмерик Обамеянг (“Боруссия” Дортмунд/Габон)
12. Руй Патрисио (“Спортинг” Лиссабон/Португалия)
13. Златан Ибрагимович (“Манчестер Юнайтед”/Швеция)
14-15. Артуро Видаль (“Бавария”/Чили)
14-15. Поль Погба (“Манчестер Юнайтед”/Франция)
16. Роберт Левандовски (“Бавария”/Польша)
17-19. Димитри Пайе (“Вест Хэм”/Франция)
17-19. Тони Кроос (“Реал”/Германия)
17-19. Лука Модрич (“Реал”/Хорватия)

2010 мен 2015 жыл аралығында ФИФА мен France Football жылдың үздік футболшысын бірігіп таңдаған болатын. Биылғы жылы бұл екі ұйымның ынтымақтастығы аяқталып, журнал жалғыз өзі табыстады. Бірақ, Роналду “Реалмен” бірге Жапонияда жүргендіктен, марапаттау рәсіміне бара алмады.

Оқи отырыңыз:

Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Златан Ибрагимович цирк стилінде гол соқты (видео)

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Талқылау