Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның келесі кездесуінің қай жақта өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке қашан шығатынын айтты.

74b63e133d4573f03ece5eab51f7dfac_L

Бұл туралы dodasport.kz хабарлайды.

“Келесі кездесуім АҚШ-та өтеді. Алдағы 10-15 күнде кіммен қарсыласатыным және қай күні өтетіні белгілі болады”, деді боксшы.

Сондай-ақ, ол Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінде жекпе-жек өткізу туралы сауалға да пікір білдірген.

“Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шақырып, бокс кешінде жұдырықтасу туралы ұсыныс жасады. Мен келістім. Бәрімізге белгілі, халықаралық көрмеге көптеген туристер келеді. Оларға өзіміздің жетістіктерімізді, көз тартар ғимараттарымызды ғана емес, спортымызды да паш етуіміз қажет. Қазір әлемде қазақстандық боксшыларға үлкен сұраныс бар. Ал елімізде чемпион болу үшін тынбай жаттығып жүрген көптеген өрендерімізді білемін. Меніңше, шетелдіктер ЕХРО кезінде бокс кешіне қуана-қуана қатысады”, – деп жауап қатты.

Еске сала кетсек, 29 қазан күні Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотейге қарсы шығып, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен еді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBA Fedelatin және WBO Intercontinental титулдарын иеленді. Осылайша өзінің 22-ші жекпе-жегінің барлығында жеңіске жете алды. Ал оның 18-ін Қанат нокаутпен аяқтаған.

Бұдан кейін боксшыны ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қабылдап, оған шапан жауып сый көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Головкин-Джейкобс кездесуінің қай күні өтетіні белгілі болды

Денис Тен жапониялық аниме-сериалдың кейіпкеріне айналды (видео)

Лионель Месси 2017 жылы үйленетін болды

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды

Талқылау