Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды

Танымал қазақ палуаны, «Қазақстан барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қызды болды.

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды

Бұл туралы Ыстыбаевтың өзі желідегі парақшасында хабарлады.

«Ардақты ағайын! Жанашыр достарым! Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай! Сүйінші! Шаңырағымда ұлы қуаныш, дүниеге сəби келді! Нəрестелі болдым, қызды болдым ағайын! Өрісімді кеңейткен Аллаға сансыз мадақ! Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Жеңістің 40 жылдығында дүниеге келіп атымды Бейбіт қойып еді, ұлы мереке тəуелсіздіктің 25 жылдығында қызым дүние есігін ашты. Жақсы ырымға балап отырмын. Ұлы мерекеде дүниеге келген балапанымның бақытын баянды ете гөр Алла!» – деп халқынан сүйінші сұрады палуан.

Желі қолданушылары танымал палуанды нәрестелі болуымен құттықтап, сәбиіне ұзақ әрі мәнді ғұмыр тіледі.

Айта кетейік, Ыстыбаев 2014 жылдың наурызында Әйгерім есімді аруға үйленген болатын.

Тағы оқыңыз >>>

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы 

Талқылау