Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол менің жеті баламның анасы": Гүлнәз Жолановаға ғашық жігіт оны Түркияға іздеп барды (видео)

Гүлнәз Жолановаға ғашық жігіт оны Түркияға іздеп барды. Қазақстандық жас блогер актрисаға сезімі барын айтып, ол үшін әлемнің қай түкпіріне болса да баруға дайын екенін жеткізді. Ақыры сезімін білдіріп, актрисамен бірер уақытын бірге өткізді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @dake_zzz

Бұл туралы блогер Дәулет Есенбайұлы желідегі парақшасында жазып жүр. 

Блогер Гүлнәз Жолановаға сезімін ашық білдірді. Актриса түрік елінде "Қазақша бизнес Түркияда" фильміне түсіп жатқан еді. Мұны білген Дәулет Есенбайұлы оны Түркияға іздеп барды. Бұл актриса үшін күтпеген жайт болды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @dake_zzz

"Сен мені шынымен Түркияға іздеп келдің бе? Неге алдын ала ескертпедің?", - деді таңданған ол. 

Дәулет Есенбайұлы одан сүйіктісі бар-жоғын сұрады. Актриса ешкіммен кездесіп жүрмегенін айтты. 

"Бұл менде үміт бар деген сөз. Мен бәрібір өз мақсатымды орындаймын", - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @dake_zzz

Дәулет пен Гүлнәз Түркияда бірер уақытын бірге өткізді. Желіге фото, видеолар жүктеді. 

Блогер Гүлнәзды әуежайға шығарып салып, тосынсый жасады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @dake_zzz

"Бүгін Гүлнәз Қазақстанға кетіп бара жатыр екен. Бірақ маған айтқан жоқ. Қазір ғана естіп тұрмын. Мені Нұрлан ағалар алып қалды. Көп нәрсе үйренесің, Гүлнәзбен Алматыда да кездестіріп беремін деген соң қалдым. Ал Гүлнәзды достарыма табыстап қойдым. Олар күтіп алады", - деді блогер. 

Достары Дәулеттің атынан үлкен гүл шоғын сыйлап, Гүлнәзды үйіне дейін жеткізіп тастады. 


STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2020 12:58
Талқылау