AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз": Вице-министр түсіндірді

Қазақстанда педагогтар айлығын, еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысын ала алмай жүр деген ақпаратқа қатысты оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғани Бейсембаев еңбек демалысы жергілікті әкімшілік есебінен төленетінін алға тартты. 

“Маусым айының басынан бастап жергілікті атқарушы органдар педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр”, – деп мәлімдеді Бейсембаев. 



Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жататынын бас назарға ала отырып жеткізді ол. Бейсембаев мәселе министрліктің бақылауында екенін мәлімдеді.

“Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз. Мәселе министрліктің бақылауында тұр. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады”, – дейді Ғани Бейсембаев.

Қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүргені туралы жазған болатынбыз. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Юлия Кучинская айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр