Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да полицейлердің жалған құжат жасағаны анықталды

Отырар ауданының прокуратурасы Ашық есік күнін өткізіп, онда азаматтардың проблемалық мәселелері тыңдалды, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Акция аясында қайтыс болғанына байланысты куәлік беруде қызметтік жалғандық, адамдарды әуре-сарсаңға салу жағдайлары айқындалды, деп жазады Замана.

Атап айтқанда, Отырар ауданы бойынша 2017-жылдың өткен мерзімінде 167 адам, оның ішінде 21 адам ауруханада қайтыс болып, ол туралы аудандық ішкі істер бөліміне хабарлан­ған. Алайда бөлімде ҚР Бас Прокурорының 2014-жылғы 19-қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талаптары сақталмауына байланысты ол хабарламалардың 16-сы мүлде тіркелмеген. Осыған қатысты екі жағдайда азаматтар қайтыс болу фактісін анықтау үшін сот­қа жүгінуге мәжбүр болған.

Осы азаматтық істерді зерделеуде көрсетілген 2 дерек бөлімде уақтылы тіркелмегені, тергеушілер адамдарға сотқа ұсыну үшін олардың СДТТБТ-не тіркелгені туралы жалған анықтама беріп, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы тіркелгені анықталды. Яғни полиция қызметкерлері деректерді уақтылы тіркемей азаматтарды әуре-сарсаңға сал­ған және  жалған құжаттар жасаған. (Бұл құжаттар сот шешімін қабылдауға негіздердің бірі болған).

Осындай бір жағдай 2016-жылы да орын алған, яғни жалған қаулы берілген.

Бұл мәселелер аудандық құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау және уәкілетті орган басшыларының қатысуымен өткен мекемеаралық мәжілісте қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Енді мұндай жағдайлар орын алмауы үшін көрсетілген деректерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркеу, салыстыру актілерін 10 күн сайын жасауа, бөлімге барлық хабарламарды тіркеу тапсырылды.

Сонымен қатар, анықталған деректерге байланысты Сырдария аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл басқармасына құжаттар жолданып, полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Жіберіп алмаңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Алматыда көктайғақ: Бір қиылыста 4 жол апаты болды

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Талқылау