Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында жол талғамайтын көлік жолаушылар мінген шағын автобусқа соғылды. Көлік апаты салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы Stan.kz ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты оқиғасы 11 қарашада Астана-Көкшетау тас жолында болған. Бастапқы мәлімет бойынша, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser автокөлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, Mitsubishi Delica шағын автобусына соғылған.

Жол апаты салдарынан шағын автобустың екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тағы сегіз адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көктайғақ: Бір қиылыста 4 жол апаты болды

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Алматыдағы арнайы операция тұрғындарды шошытты

Алматыда шұңқырға түсіп кеткен Mercedes көлігі жөндеуге жарамсыз болып қалды (фото, видео)

Талқылау