Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Жол талғамайтын көліктің тротуарға шығып кетуі салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Аталған оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты 12 қарашада сағат 18.30-да “Керуен” сауда орталығының көлік тұрағы аумағында болған.

“Infiniti жүргізушісі “Керуен” сауда орталығы маңындағы тұрақта тұрған Toyota Camry  көлігіне соғылып, тротуарға шығып кетеді де, екі жаяу жүргіншіні қағады. Кейін тағы бір Toyota көлігін қағып, соққы әсерінен ағашқа барып соғылған”, — делінген ведомство хабарламасында.

Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алып 24 жастағы қыз (жаяу жүргінші) ауруханаға түсті және 38 жастағы Infiniti жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды. Тағы бір жаяу жүргінші – 25 жастағы қызға медициналық жәрдем көрсетілген соң, үйіне қайтарылған. Полиция тергеу жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы арнайы операция тұрғындарды шошытты

Алматыда шұңқырға түсіп кеткен Mercedes көлігі жөндеуге жарамсыз болып қалды (фото, видео)

Қарағанды облысында екі ресейлік офицер Балқаш көліне батып кетті

Атыраулық алып қашқан қалыңдығының туыстарына: Қыз қайтыс болды, денесін алып кетіңіздер

Талқылау