Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында екі ресейлік офицер Балқаш көліне батып кетті

11 қараша күні Балқаш көліне балық аулауға кеткен екі офицер қайтып оралмаған. Ресейлік офицерлердің бірінің денесін Приозерск қаласының тұрғыны тауып алған, – деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: ҚР ІІД ТЖК

Әскери қызметкерлердің жоғалып кеткені 11 қараша күні белгілі болған. Қазіргі уақытта екінші офицердің денесі іздестірілуде.

Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Ресейдің N03080 бөлімінде әскери міндетін атқарып жүрген офицерлердің бірі 32-де, екіншісі 36 жаста болған екен.

«11 қарашада Приозерск қаласынан 150 шақырым жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүрді. Іздеу шараларына 6 құтқарушы, 5 жергілікті тұрғын, N03080 әскери бөлімінің 15 қызметкері қатысты. Сағат 3:48-де офицердің бірінің денесі табылды. Оны жергілікті тұрғын тауып алған. Ал екінші офицер әлі де іздестірілуде», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық алып қашқан қалыңдығының туыстарына: Қыз қайтыс болды, денесін алып кетіңіздер

Алматыда 18 жастағы студент қыз бір апта бұрын жоғалып кеткен

Петропавлда жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесі табылды

Алматыда жол апатынан алты адам зардап шегіп, бір бойжеткен қаза тапты

Талқылау