Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқуына кеткен студент қыз із-түзсіз жоғалды

Студент қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болған.

Сурет: INSTAGRAM.COM/KRIS_P_ALMATY

Қыз 6 қараша күні Іргелі ауылындағы үйінен шыққанан кейін жоғалып кеткен.

Жоғалған қыздың ерекшеліктері: бойы 172 см, астыңғы бір тісі жоқ, шашы сарғылт түсті, дене бітімі орташа.

Қара күртеше, джинсы шалбар және сұр кроссовки киген.

Саяраның қайда екенін білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: +7 702 340 14 15, +7 707 512 10 20, +7 707 389 89 19 немесе 102.

Саяра Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде оқиды.

Ол – отбасындағы үш қыздың бірі.

«Ол таңертең сабаққа кеткен. Әрі қарай не болғанын білмейміз. Ол колледжде модельер-құрастырушы мамандығына оқиды. Өмірімізді бірінші рет мұндай сұмдық болып отыр», – дейлі жоғалып кеткен студенттің анасы Гүлістан.

«Полиция қызметкерлері қызым телефонын сатып жіберген болуы мүмкін екенін айтты. 9 қарашада телефоны Мақатаев ауданында іске қосылған», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Петропавлда жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесі табылды

Алматыда жол апатынан алты адам зардап шегіп, бір бойжеткен қаза тапты

Алматыда көпірден секірген қызды көлік қағып кетті

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

Талқылау