Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпірден секірген қызды көлік қағып кетті

Бүгін Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жол үсті өткелінен бойжеткен құлап түсті,-деп жазды КТК арнасы.

Оқиға Алтын Орда базарының маңында болған. Куәгерлер қыз өзі секіріп кетті деп отыр. Тас жолға сұлап түскен оны тағы көлік таптап өткен екен.

Трассаның ортасында қансырап жатқан қызды қаптаған адам камераға түсіріп әлек. Оқиға орнына жедел жеткен 103қызметі бойжеткенді ауруханаға алып кетті. Қазір оның жағдайы мүшкіл. Хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер қандай да бір болжам жасау қиын дейді. Қызды суицидке не итермелегені белгісіз. Бұл дерек бойынша құзырлы орган тергеу жұмыстарын бастады.

Оқи отырыңыз:

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

«Меломен» тобы: Жетім-жесірлерді азайту үшін тоқал алуға болады

Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Мемлекеттік Туды терезеге іліп қойған қызылордалық азаматқа жарты миллион теңге айыппұл салынды

Талқылау