Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Сейсенбі, 7 Қараша , 2017 10:50

Бүгінде Әли Оқапов пен Ақбота Сейітмағамбет арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік желідегілер қызу талқыға салуда. Өйткені, қос өнерпаз Әлидің «Уайымдама» атты су жаңа клипінде ғашықтардың образын сомдайды. Ал, оқырмандардың санасын сан-саққа жүгірткен Әли Оқапов Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, Ақботаны таңдаудағы мақсатын түсіндірді.

«Көп ойландық, көп ақылдастық режиссермен, продюсерлермен. Кімді шақырсақ деп. Жаңа бір есімді шақырамыз ба немесе танымал актрисаны шақырамыз ба, әншіні шақырамыз ба деп көп ойландық. Бірақ, Ақботаға тоқтадық, ұсынысты мен өзім жасадым. Себебі ол инстаграмда, түрлі-түрлі бағдарламаларда жиі көрінсе де, бейнебаянда, үлкен концерттер де соңғы кездері жоқ. Сондықтан, қызық болады деп ойладым», – дейді Әли.

Дәл осы клиптің тизері желіге жүктелген бойда, ғаламтор тұтынушылары арасында пікір талас басталды. «Ақбота əпке екеуіңізден əдемі жұп шығар еді! Ақботашка өзі сұлу қыз, сізде талантты əдемі ұлсыз. Екеулерінізді қосқанда Ханзада мен Ханшайым болар еді», «О, осындай өзің сияқты жас жігітке шыққаныңда ғой. Қандай әдемі жарасып тұрсыңдар», – деп желі оқырмандары пікірлерді қарша боратса, «Енді Дәуренді тастап, Әлиге көштің бе?», – деп жағымсыз жазба қалдырғандар да жоқ емес! Алайда, оқырмандарға Оқаповтың берер жауабы мынадай…

«Мен үшін Ақбота осы бейнебаянға актриса ретінде шақырылды. Актриса ретінде өз рөлін сомдап, шынымен де жеткізе білді. Толығымен көңілімнен шықты. Ал, оның жеке өмірі болсын, Ақбота жайлы жағымсыз пікірлер болсын ол маған шынымды айтсам маңызды емес. Өйткені, ең бастысы бейнебаян әдемі шықса, орынды болса және біздің екеуміздің ойнағанымызға адам сенсе болды. Ал, маған сын айтып, Ақботаға сын айтса әр адам өзі шешеді», – дейді әнші жігіт.

Бүгінде Әлиге жиі жолданатын сауалдардың көшін Ақбота жайлы ақпарат бастап тұр. Сондай-ақ, бойдақ жігіт отандық шоу-бизнестегі сылқымдармен суретке түсе қалса, оларды желі оқырмандары жұптастыруды әдетке айналдырған.

«Қазір әрбір берген сұхбаттарда барлығы сұрайды сіздің болашақ жарыңыз Ақбота ма, Ақбота ма деп. Не үшін деп? Менің айтарым біреу ғана. Біз, яғни бойдақ әншілер біз бойдақ қыздармен суретке түссек ол жай ғана сурет болуы да мүмкін. Өйткені, Айсәуле Бақытбек, Жанар Дұғалова болсын, Луина болсын көптеген шоу-бизнес өкілдерімен мені қосқан. Араларында бірдеңе бар деп», – деп сөзін қорытындылаған Әли Оқапов Ақботамен өнерде әріптес, өмірде дос екенін жеткізді.

Әли Оқапов пен Ақбота Сейітмағамбет басты рөлдерді сомдаған бейнебаянды мына сілтемеге өту арқылы тамашалай аласыздар.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызының ішімдік ішіп отырған сәті желіні шулатты (видео)

Мейрамбек Бесбаевтың жары әншінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото)

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

Қазақстандық жеткіншек Украинаның “Голос. Дети” байқауында қазыларды аузына қаратты (видео)

Қайрат Түнтеков дауысы жоқ әншілердің көбейіп кеткеніне күйінді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар