Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жеткіншек Украинаның “Голос. Дети” байқауында қазыларды аузына қаратты (видео)

10 жасар қазақстандық бүлдіршін Данэлия Тулешова Украинаның “Голос. Дети” жобасына қатысып, төрешілер мен көрермендерді таңдай қақтырды. Данэлияның өнеріне тәнті болған қазылар алқасы “Көрмей тыңдау” кезеңінің алғашқы секундтарында-ақ кері бұрылып, таңданыстырын жасыра алмады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Она” продюсерлік орталығының хабарлауынша, Данэлия іріктеу кезеңінен өткеннен кейін жобаға шақырту алған.

Қазақстандық жеткіншек “Көрмей тыңдау” кезеңінде Дэми Ловатоның “Stone cold” атты әнін орындады. Шыны керек, кәсіби әншінің даусын естіген төрешілер өз құлақтарына сене алмады. Олардың пікірінші, Данэлияның даусы, ән айту қабілеті өте жоғары деңгейде.

“Бұл – Украинаның “Голос. Дети” байқауы тарихындағы ең үздік орындау”, – деп атап өтті төрешілердің бірі, танымал украиналық әнші Наталья Могилевская.

“Сенің мына орындауыңды әлем халықтары желіден іздеп, қайталап көре беретін болатын. Мүмкін емес, ғажап дауыс”, – деп қоштады Монатик есімді екінші төреші.

Суреттер Данэлияның инста-парақшасынан алынды

Айта кетейік, Данэлия көп ойланбастан Монатиктің тобына барғысы келетінін айтып, өз таңдауын жасады.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтеков дауысы жоқ әншілердің көбейіп кеткеніне күйінді

Айдарбекова: Қазақстанда келінім Жұлдыздан асқан сұлу әйел жоқ

Ирак өкілі “Әлем аруы” байқауына 45 жылдан кейін қатыспақ

Семейлік бойжеткен халықаралық сән және дарын байқауын жеңіп алды

Талқылау