Қайрат Түнтеков дауысы жоқ әншілердің көбейіп кеткеніне күйінді

Дүйсенбі, 6 Қараша , 2017 12:12

Төрт жыл бойы өнер әлемінен жырақта болған Қайрат Түнтеков осы уақыт аралығында құр қарап жатпаған. Шоу-бизнесті жіті қадағалап отырған әнші соңғы кездері елімізде дарынсыз әншілердің көбейіп кеткеніне қапалы. Алайда Қайраттың пікірінше, өнер әлемінде жақсы жаңалықтар да баршылық.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Осы 2 жылдың ішінде әншілер көбейіп кетті. Шеттен бақылап отырамын ғой. Айта алатыны да, айта алмайтыны да бар араларында. Енді ренжімесін, осы сөзімнен кейін мені жек көріп кететіндері де бар шығар”, – деп мәлімдеді Түнтеков.

Алайда әнші өнер әлеміндегі жағымды жаңалықтардың да баршылық екенін атап өтті.

“Бізде той-бизнес қалған. Той қазақтың қазынасы дейді ғой. Сондықтан ол өзгере қоймайды-ау. Соның арқасында көп жаңадан шығып жатқан әншілер ақша тауып, отбасын асырап жатыр. Ал шоуға келетін болсақ, меніңше бұл қуантарлық жаңалық. Өйткені шоу-бизнестің көтеріліп, өзгеріп жатқанына қуанамын. Музыкалық бағыттың өзгеріп жатқанына қуанамын”, – дейді Қайрат.

Әнші сахнаға қайта оралғандықтан, ендігі көздеген мақсатының ауқымды екенін атап өтті.

“Қатты есейдім, баяғы жас 17 жасар Қайрат емеспін. 4 жыл сахнада болмағандықтан, халықтың сағынышын басу деген миссиямен оралып отырмын”, – деп түсіндірді ол.

Қайрат төрт жыл бойы спортқа ден қойып, кәсіби түрде футболмен айналысқанын тілге тиек етті. Спортпен тұрақты түрде айналысқан әнші тіпті, жеке футбол командасын құрып алған көрінеді.

“Бизнес жайлы ойладым. Мүмкін айналысып көрермін деп. Түк шықпады сөздің ашығы. Көбіне спортпен айналысып жүрдім. Өзімнің “Барыс” атты футбол командам бар. Достарым, інілерім бар. Үлкен-үлкен сайыстарға қатысамыз”, – дейді Қайрат.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Гүлзира Айдарбекова немерелері үшін арнайы жоба жасамақ

Танымал тележүргізуші Ақтөбе облысының драма театрына басшы болып тағайындалды

Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екеумізді ажыратқысы келген адамдар көп болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ондай біржақты пікірден аулақ болайық. Əрине бəрінің даусы Димаштай болуы шарт емес. Бірақ сахнада жүрген көптеген əншілердің тамаша даусы бар. Даусы жоқтар ол “ұялмаған əнші боладының” кері ғой. Олар да жүре берсін. Ертең өзі үшін шеттеп қалады ғой.

  • Anonymous says:

    Ш

  • Anonymous says:

    Қазақстанда Димаштан басқасының даусы жоқ қой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар