Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Отандық шоу-бизнесте жеке өмірін жұрттан жасырып, уақыт өте келе құпияның құлпын ашатын танымалдардың тізімі тағы бір жұлдызбен толықты. Осы уақытқа дейін жанұясы жайлы жан баласына жақ ашпайтын әнші Айдар Тұрғанбек Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында алғаш рет сырларын ақтаруды жөн деп шешкен сияқты.

«Өзімнің отбасым бар. Екі қызым бар. Үлкен қызым 6 жаста, кіші қызым 9 айлық. Көп көрсеткім келмейді, көп айтқым да келмейді. Өйткені, ол жасырын нәрсе, ол менің отбасым. Жасырын болған сайын құндылығы күшейе береді. Бағасы да күшейе береді», – дейді Айдар Тұрғанбек.

 

Естеріңізге сала кетсек, «Жігіттер» тобының әншісі осыдан бірнеше жыл бұрын Раушан Әріп есімді ақтаулық арумен шаңырақ көтерген болатын. Алайда, екі жастың отбасылық одағы ұзаққа созылмапты-мыс… Бірақ, экс-жұбайлардың Нұржәннат есімді ортақ қыздары бар. Сенімді дерек көзіне сүйенсек Айдар екінші мәрте шаңырақ көтерген. Жоғарыда өзі айтқан Мәлика есімді 9 айлық сәби екінші некесінен деседі…

 

Әдетте, «Жігіттер» тобының әншісі журналистермен жүздесе қалса өнердегі жаңалықтарымен бөлісуге құштар-ақ! Отбасы туралы ешкімге тіс жармайтын өнер иесі тың ақпаратты жеке клипінің түсірілімі барысында баяндады. Бүгінде Айдар Тұрғанбек топтан бөлек, өзінің шығармашылығына белсенді түрде кіріскенін айтады. Алайда, әншінің бұл қадамына қарап, желідегі оқырмандары топ тарайды деп топшылап жатқан көрінеді. Көпшілік көкейіндегі сауалға сері жігіттің жауабы дайын.

 

«Кім біледі. Еш нәрсе мәңгілік емес қой. Адамның өзі мәңгі емес. Егерде топтан кету керек болса, өзімнің де шығармашылығыммен айналысайын деген ниет қой негізінде. Сондықтан алдын-ала дайындық қой», – дейді әнші жігіт.

Айдардың жеке клипінің сюжеті жас жұбайлардың жанұясын сақтап қалу хақында болмақ. Топ шығармашылығын бір шетке ысырып, жеке әншілікке бет бұрған  Айдар бір бейнебаянмен шектелмеймін деп отыр.

«Әрқайсымыз әр түрлі әнші екеніміз айтылып келе жатқан нәрсе ол. Бірақ, көп клип түсірілмеген. Енді мен осы бастан өзімнің шығармашылығыма көп көңіл бөлгім келді. Тағы да клип түсіргім келіп жатыр құдай қаласа. Осы көктемде қаланың ішінде түсіремін деп отырмын. Әні дайын тұрған сияқты», – дейді Айдар.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басында аталмыш төрттіктің әншісі Бағлан Әбдірайымов өз қаражатына клип түсіріп, жеке әншілікке кіріскенін айтқан-ды! Енді Айдардан кейін Мырзахан бұл үрдісті жалғастырмақ ниетте екенін жасырмады. Алайда, топ тосыннан тарқап, «Жігіттердің» жұмысына нүкте қойылса, таң қалмаңыз!

«Кезек менде сияқты. Соған қарағанда менің де жеке клипімді көріп қаларсыздар. Ойда бар. 1-2 ән ниетте тұр. Әлі толық шешілген жоқ. Бірақ ниет бар бұйырса», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов.

Оқи отырыңыз:

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Димаш Құдайберген ұнатқан қызы үшін қатарластарымен төбелескен

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)

Талқылау