Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқ ататын тоғыз қаруы мен гранатасы бар: Алматылық азаматтан ірі қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Алматы полициясы мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тінту барысында тұрғынның машинасы мен үйінен оқ ататын тоғыз қару, оқ-дәрі мен РГД-5 гранатасы тәркіленген ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күдіктіні ұстауды криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласындағы ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі әріптестерінің көмегімен жүргізді. Арнайы операция кеше Алматыдағы Жандосов пен Ясауи көшелерінің қиылысында өтті. 

“Күдікті – 1975 жылы туған Д.есімді азамат Жандосов пен Ясауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Тергеу сотының рұқсатымен көлік құралын және жеке айыпталушыны тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді. Алматы облысы Талғар ауданындағы Д.есімді азаматтың тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылды”, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ер адамнан тәркіленген барлық қару баллистикалық сараптама жүргізу үшін зертханаға жолданды. Сараптама арқылы Алматы және елдің басқа да өңірлердегі қылмысқа осы қарулардың қатысы бар-жоғы анықталады.

Сонымен қатар күдіктінің үйін тінту кезінде ұнтақ тәріздес зат оралған төрт қаптама табылды. Оның құрамын да сараптама анықтайды. Күдіктіні ұстау кезінде ол есірткі әсерінен есін білмейтін күйде болған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш затты және жарылғыш құрылғыны заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адам бес жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 02 Қыркүйек, 2021 13:58
Талқылау