Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі қазақ полицейі спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы Димаш Ниязов мексикалық қарсыласы Анхель Саринанадан жеңіліп қалды.

Димаш Ниязов

Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық және мексикалық боксшылардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі «Барклайс» аренасында өткен бокс кешін ашқан еді.

Алты раунд нәтижесі бойынша, бір ауыз шешіммен Саринана (59-52, 59-53 және 58-54) жеңіске жетті.

Осылайша 29 жастағы Ниязов спорттық мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Ол осыған дейінгі 13 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 3 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Айта кетейік, «Нью-Йоркте ең үздік полицейі» атанған Димаш Ниязов ОҚО, Қазығұрт ауданының тумасы. Ол рингтегі 13 жекпе-жегінің бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы.

Оқи отырыңыз:

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Халықаралық бокс федерациясы Головкинге шарт қойды

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

Талқылау