Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингте сынға түсті. Ол америкалық Ноа Кидті нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Данияр Елеусінов

Бұл туралы Sports.kz. басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек Нью-Йорктегі «Барклайс» аренасындағы кеш аясында өтті. Кештің басты оқиғасы америкалық Дэниэль Джейкобс пен поляк боксшысы Мацей Сулецкидің кездесуі болды.

Қазақстандық боксшының алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Кидд болды. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек 3-інші раундта Елеусіновтің жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.

 

Осылайша, Елеусінов кәсіби рингте алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, Кидд те алғаш рет жеңіліс тауып отыр.

Оқи отырыңыз:

Халықаралық бокс федерациясы Головкинге шарт қойды

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

Көкшетауда федерация басшысы спортшыларға берілген жерді келіншегінің атына жазып жіберген

Талқылау