Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық бокс федерациясы Головкинге шарт қойды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО)  промоутері Том Леффлердің оны әлем чемпионы титулынан айырмау жөніндегі өтінішіне жауап берді.

Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде  IBF санкция жасамайтын  IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс, деп хабарлайды Sports.kz.

IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады. Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF  президенті Дэрил Пиплстің сөзін келтіреді  Yahoo! Sports тілшісі  Крис Мэнникс.

Тағы оқыңыз: 

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

Көкшетауда федерация басшысы спортшыларға берілген жерді келіншегінің атына жазып жіберген

Талқылау