Нұрбек Оралбай Қытай қазағын жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1/8 финалда ол Қытай құрамасының этникалық қазағы Тоқтарбек Таңатханмен жұдырықтасты.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Алайда төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша (5:0) Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанды. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық спортшы ширек финалға шықты, ал Таңатхан әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады.
Еске сала кетейік, бұл турнир — World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен ересектер арасында тұңғыш рет өтіп жатқан әлем чемпионаты. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Бұған дейін, 55 келі салмақта ел намысын қорғаған Сабырхан Махмұдтың ширек финалға өткені жайлы да хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

