Жанқош Тұраров жақында кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді
Фото:Ашық дереккөзден
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын”, — деп жазды Тұраров өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Жанқош Тұраров төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Естеріңізге салсақ, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

