Павлодар облысында ер адам өртеніп жатқан үйден отбасын құтқарып, өзі қаза тапты
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында ер адам өртеніп жатқан үйден отбасын құтқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Тереңкөл ауданында тұрғын үйдегі өрт кезінде 1982 жылы туған ер адам қаза тапқан. Ер адамның өртеніп жатқан үйден әйелін және балаларын құтқарамын деп көз жұмғаны белгілі болды.
“Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам әйелін және үш баласын терезеден шығарып үлгерген”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Газдан уланған әйел мен балалар аудандық ауруханаға жеткізілген.
Өрт үйдің шатырын шарпыған. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады