Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жолбарыстары бар жүк көлігі 3 ай бойы айыппұл тұрағында қалып қалған

Нұр-Сұлтанда жолбарыстары бар жүк көлігі 3 ай бойы айыппұл тұрағында қалып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы айыппұл тұрақтарының бірінде жолбарыстардың табылғандығы туралы ақпарат пайда болды.

"Адамдар, сәуір айнан бастап автотұрақта үш жолбарысы бар жүк көлігі тұр. Бастапқыда оларға адамдар келіп тұратын. Екі апта болды ешкім керек емес. Жануарлардың қарны ашты", - деп жазған желі қолданушылары. 

Бұл фактіні тексеру үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Сарыарқа ОБ қызметкерлерімен бірге анықтау жұмыстарын жүргізді. 

Бұған дейін, 2020 жылдың 17 наурызында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2 жолбарыстың Нұр-Сұлтан метрополитан циркінің аумағында заңсыз жүр деп болжанғаны туралы ақпарат алды.


"Ақмола облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері ҚР ІІМ Есіл ПБ қызметкерлерімен бірге анықтау шараларын жүргізді. Жолбарыстар 2019 жылы Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген. Жануарлар цирк қызметкеріне тиесілі екендігі анықталды. Жануарлардың ветеринариялық паспорттары мен сатуға келісім-шарттары болған. Бірақ оның жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның әкімшілік органынан жолбарыстарды әкелуге қажетті рұқсаты болған жоқ", - дейді Қазақстан Республикасындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Полиция қызметкерлері цирк директорының орынбасары мен жануарлардың иесінен түсініктеме алды. Жолбарыстарды арнайы сақтайтын орынға апару иесінің еншісіне қалдырылды. Бірақ бұл факт бойынша қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмады.

Жолбарыстар құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның 2-қосымшасына енгізілген арнайы рұқсат және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу немесе әкету үшін тиісті құжат қажет.

Ол болмаған кезде иесіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес үш мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салады, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейін қоғамдық қызметпен айналысу немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы кесіледі. 

Талқылау