Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нөкістегі наразылықтан кейін ұсталған қарақалпақстандық белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды

31 қаңтарда Қарақалпақстан сотының судьясы Елубай Абибуллаев Нөкістегі наразылық бойынша айыпталған 22 адамның ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап.

Даулетмурат

Айыпталушылардың бірі, "Ел қызметінде" ("Эл хызметинде") газетінің адвокаты Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды. Сот оны "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзу немесе билікті басып алу мақсатында сөз байласу" және "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" баптарымен айыпты деп таныған. Бұған дейін прокурорлар Дәулетмұрат Тәжімұратовты 18 жылға соттауды сұраған.

Жаза мерзімі ол қамауға алынған 2022 жылғы 2 шілдеден бастап есептеледі. Үкімге сай, Тәжімұратов 228,8 миллион сум (20 мың доллардан астам) көлемінде шығын да өтеуі керек.



Азамат Турданов, Ахмет Сметуллаев және Азамат Нуратдиновтер бас бостандығын шектеу жазасын алды, Makan.uz сайтының негізін қалаушы, журналист Лолагүл Қаллыхановаға шартты жаза тағайындалды. Сот бұлтартпау шарасын өзгертіп, оларды залдан босатты. 

2022 жылдың 1 шілдесінде Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақстан автономиялық республикасының Нүкіс, Мұйнақ және басқа қалаларында Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы халық наразылығы болған. Прокуратураның нұсқасы бойынша, Тәжімұратов және оның жақтастары билікті басып алу мақсатында тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. 2022 жылдың шілдесінде журналист егер Ташкент конституциядан облыстың ерекше мәртебесін алып тастау жоспарынан бас тартпаса, Қарақалпақстанның елден бөлініп шығуы үшін бейбіт митинг ұйымдастырамыз деген талабын айтқан.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 01 Ақпан, 2023 13:09
Талқылау