“Ninety one” тобының директоры Жан Ахмадиевті сотқа беретінін мәлімдеді
Атышулы Ninety one тобының солисі Bala-ның даулы сұхбаты сотпен аяқталуы мүмкін. Себебі топ директоры Асыл Беделхан әншіге жала жапты деген айыппен заманауи жырау танылып кеткен Жан Ахмадиевті сотқа беретінін айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше ай бұрын Bala-ның “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтқаны телеарна эфирінен көрсетілді. Әншінің бұл сөзі қып-қызыл дауға ұласты. Ел өз қарындастарын сұлу емес деп атаған әншіні сөкті. Алайда кейіннен әнші сөзінің бұрмаланғанын, ал эфирден берілген үзіндінің монтаждалғанын айтқан еді.
Есте болса, бірнеше күн бұрын Bala-дан сол атышулы сұхбатты алған Жан Ахмадиев сайтымызға сұхбат беріп, Bala-ның шын мәнінде “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтқанын дәлелдей алатынын мәлімдеді. Ол эфирден көрсетілген кадрлардың монтаждалмағанын, тіпті оны арнайы экспертизаға жөнелтуге әзір екенін айтты.
Мұны көрген топ директоры әрі Ерболат Беделханның жары Асыл Беделхан ашуға мінді. “Шыдамның да шегі бар” екенін алға тартқан ол Ахмадиевті сотқа беретінін айтты.
“Әр нәрсенің шегі бар. Сізді сотқа беремін. Сұхбат кезінде мен де сонда болдым және Bala-ның не айтқанын өз құлағыммен естідім. Жан толық сұхбатты шығарса, нағыз дәлел сол болмақ. Сөз осымен бітті, сотта кездесеміз. Шаршаттыңдар!” – деп жазды Беделхан.
Жіберіп алмаңыз:
Атақты Лара Фабиан Димаштың концертіне неге келмейді?
Қайын атасы Баянның кітабын оқып, жоғары бағалады
Желіде Қайрат Нұртастың домбырамен ән айтқан сәті жарияланды (видео)
Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде жүлдеге ие болды