Ники Минаждың әніне тренд түсірген әйел омыртқасын сындырып алды (видео)

Видеодан скрин
Ники Минаждың әніне тренд түсірмек болған ресейлік әйел омыртқасын сындырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екатеринбург қаласының 32 жастағы тұрғыны Мариана әлеуметтік желідегі рилстарды көріп, американдық рэпер Ники Минаждың позасын қайталауға тырысқан.
Ол аяғына биік өкшелі аяқ киім киіп, кастрюль мен қалбырдың үстіне шығып видео түсірмек болған. Бұл видеоны жүктеушілердің көбі видеомонтаж қолданған. Алайда Мариана видеоны бастан аяқ монтажсыз түсіріп шықпақ болған.
Видео түсіру кезінде Мариана үстелдің үстінен еденге құлаған. Салдарынан әйел ауруханаға жеткізілді. Оның омыртқасы сынғаны анықталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген