Шымкентте мемлекеттік бағдарлама қатысқан 500 адамның пәтерін тартып алмақ
Фото: Сюжет кадрларынан скрин
Шымкентте жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы аясында жүздеген пәтер заңсыз бөлінген. Кей азаматтар тіпті бұл пәтерлерді жалға беріп, пайда тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру нәтижесінде шамамен 500 пәтердің заңсыз берілгені белгілі болды. 2019 жылы бұл пәтерлер сатып алу құқығынсыз, 5 жыл мерзімге жалға берілген. Алайда тексеріс кезінде кейбір азаматтардың басқа да баспанасы бар екені, ал кейбірі берілген пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беріп, пайда тапқаны анықталды.
Әкімдік өкілдері ереже бұзылған барлық пәтерлер қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылатынын мәлімдеді. Ал пәтерді өз еркімен босатудан бас тартқандар сот арқылы шығарылатын болады.
Бұл пәтерлер баспанаға шын мұқтаж жандарға пәтерлерді қайта бөлінетін болады.
"Тұрғын үй саясаты басқармасына қатысты тиісті ескерту жасалды. Жағдай бақылауға алынды, мамандар оны шешу бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама шарттарын бұзған 439 тұрғынды шығару бойынша сотқа талап-арыздар жолданды. Бүгінгі күнге дейін екі іс бойынша шешім әкімдіктің пайдасына шығарылды", – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
