Ертуған Зейнуллинов даулы жекпе-жекте Олимпиада чемпионынан ұтылды
Фото: KBF media
2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Ертуған Зейнуллиновтың қатысуымен өткен жекпе-жек даулы жағдайға себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен (Өзбекстан) күш сынасты.
Үш раундтың қорытындысында барлық бес төреші жеңісті бірауыздан өзбек боксшысына берді — есеп 30:27. Дегенмен, телетрансляция барысында раундтардағы аралық ұпай көрсетілмегендіктен, бұл көрермендердің күмәнін туғызды.
Осылайша, Асадхужа Муйдинхужаев жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Ертуған Зейнуллинов жарысты жүлдесіз аяқтады. Айта кетейік, ол 2024 жылы Қазақстан чемпионы атанған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

