Алматы метросы мүгедектігі бар адамдарға қаншалық ыңғайлы?
Алматы метросы арқылы күн сайын мыңдаған адам қатынайды. Әсіресе, кешкі және таңғы уақытта пойыз вагондары жолаушыға лық толы. Көпшілік үшін бұл — жұмысқа, оқуға немесе үйге жетудің ең қолайлы жолы. Бірақ сіз зағип жан немесе арбаға таңылған адам болсаңыз ше? Мұндай жағдайда метро сіз үшін қаншалық қолайлы? Stan.kz тілшісі Алматы метрополитенінің қозғалыс қызметінің басшысы Алмас Қыдыралиевпен сұхбаттасып, мүгедектігі бар азаматтарға метрода қандай жағдай жасалғанын сұрап білді.
Метро – қоғамдық көлік, демек ол бәріне ортақ әрі ыңғайлы болуға тиіс. Мүгедектігі бар адамдар да бұл транспорт арқылы емін-еркін қатынауы керек. Қазір Алматы метросында 11 бекет істеп тұр. Алмас Қыдыралиевтің айтуынша, онда лифт, пандус, тактильді жолақ, эскалаторға арналған көтергіш, табаны шынжыр қосымша көтергіштер бар.
“Райымбек батыр мен Алатау аралығындағы бекеттер ертеректе салынған. Өкінішке қарай,ол жақта кәдімгі қолданыстағы лифтер жоқ, бірақ тігінен көтеретін көтергіштер орналасқан. Бұл тек арбамен жүретін адамдарға арналған. Бұл құрылғы әдеттегі лифтіге қарағанда баяуырақ көтеріліп-түседі. Сондықтан балалы ата-анаға қызметкердің көмегімен түсуге кеңес береміз. Сонымен қатар бұл бекеттерге кіріп-шығатын есіктердің бірінде арбаны көтеретін құрылғы, екіншісінде жай пандус орнатылған. Ал Мәскеу, Сайран, Сарыарқа, Бауыржан Момышұлы бекетінде қазіргі замануи лифттер орнатылған. Оны кез келген адам қолдана алады”, – дейді маман.
Арбаға таңылған адам қалай жер астына түсе алады?
Алмас Қадыралиевтің сөзінше, метро бекеттерінің кіреберісінде арнайы шақыруға арналған батырма немесе телефон орнатылған. Мүгедектігі бар адам сол арқылы метро қызметкерін көмекке шақыра алады. Телефонның жанында жолаушының нақты қайда тұрғаны жазылған. Жолаушы қайда тұрғанын айтса, кезекшіліктегі қызметкерлер үш-бес минутта келіп, жер астына – пойыз жүретін платформаға түсуге жәрдемдеседі.
Қызметкер әуелі жолаушыға жолақысын төлетіп, турникеттен өтуге, эскалаторға арналған көлбеу көтергіш құрылғы арқылы эскалатордан көтеріліп-түсуге көмектеседі. Мүгедектігі бар адамдар үшін резервте тұрған эскалатор қосылады. Бұдан бөлек тағы да басқа баспалдақтар болса, ол жерден де пандус немесе арбаға арналған көтергіштерді қолданып, түсіреді. Кейін жолаушыны пойызға отырғызып жібереді. Жолаушыдан қай бекеттен түсетінін сұрап алып, сол бекеттегі қызметкерге алдын ала хабарлап қояды. Кейін мүгедектігі бар адамды сол бекеттегі қызметкер күтіп алып, дәл осылай сыртқа шығарады. Дәл осындай көмекті тек арбаға танылған адамдар ғана емес, кез келген мүмкіндігі шектеулі жандар ала алады.
“Тіпті, кішкентай балаларымен жүрген аналар да, егде жастағы адамдар да қызметкерден көмек сұрай алады. Әрине, бұл біраз уақытты алуы мүмкін. Дегенмен бұл – қатынаудың ең қауіпсіз жолы”, – дейді Алмас Қыдыралиев.
Кейбір мүгедектігі бар адамдар өз бетімен эскалатордан түсуге тырысады екен. Кейде басқа жолаушылар оларға көмек бермек болады. Дегенмен маман қауіпсіздік үшін өз бетіңізбен емес, қызметкерге жүгінуге кеңес береді. Себебі метро қызметкерлері – арнайы оқудан өткен мамандар. Олар құрылғыларды қалай пайдалануды, мүгедектігі бар адамдарға қалай көмектесу керек екенін біледі.
“Мүмкіндігі шектеулі адамның немесе қарттардың қиналып тұрғанын көрсеңіз, жай ғана қызметкерді шақырып, көмек беруін сұраңыз”, - дейді Алмас Қыдыралиев.
Зағип жандар метрода өз бетімен жүре ала ма?
Метро еденінен сары жолақтарды көрген шығарсыз. Міне, бұл - зағип жандарға бағыт беретін тактильді жолақтар. Бұл жолақтар кіреберістен бастап, кассаға, турникетке, одан соң платформадан пойызға дейін созылған. Оған қоса платформада пойыздың келе жатқанын айтатын дыбыстық хабарлама бар.
“Алдағы уақытта тактильді жолақтарды жақсартуды, Брайль әліпбиімен жазылған тақтайшаларды ілуді жоспарлап жатырмыз”, – дейді Алмас Қыдыралиев.
Есту қабілеті нашар адамдарға қандай жағдай жасалған?
Метроның кіребересінде де, платформада да пойыздың қай уақытта келетіні жазылып тұрады. Сонымен қатар, бұл мәліметтерді метроның мобильді қосымшасынан да көруге болады. Адам көп мінетін уақытта пойыздар жиі-жиі, яғни арасына төрт-бес минут салып, жүреді. Ал кей уақытта пойызды 10 минуттай күту керек. Арнайы экраннан пойыздың қанша уақыттан кейін келетінін көріп, пойыз жолында күтіп тұрмай, платформадағы орындықта жайғасып демалып отыруға болады.
“Әр платформада орындықтар бар. Кейбір жолаушы “тастан жасалған орындықтар суық” деп назын білдірді. Сол себепті кей бекетке ағаштан жасалған орындықтарды да жасап қойдық”, – дейді Алмас Қыдыралиев.
Пойыз вагонында ше?
Пойыздың әр вагонында мүгедектігі бар адамдарға арналған, арбаға арналған орын, ұстағыштар бар. Ол вагоннын шеткі жағында, яғни кіре салғанда ыңғайлы жерде орналасқан. Дегенмен кейде пойызда адам лық толы болады. Мұндай кезде адамдарға жай ғана әдепті сақтап, мүгедектігі бар адамдарға, қарт кісілерге, балалы жолаушыларға орын берген абзал.
“Сонымен қатар вагон ішінде пойыз қай бекетке жеткенін, келесі қандай аялдама екенін, есік қай тараптан ашылатынын, есіктер жабылайын деп жатқанын қазақша, орысша және ағылшынша айтады”, - дейді Алмас Қыдыралиев.
Алматы метрополитені өкілдері болашақта метро бекеттерін көбейтіп, жыл сайын ондағы инфрақұрылымды жақсартқысы келеді. Дегенмен мамандар метро - үлкен қуатпен жүретін, қауіпті қоғамдық көлік екенін, сол себепті жеке бас қауіпсіздігін ұмытпауды да ескертеді. Пойыздың әр вагонында мүгедектігі бар адамдарға арналған, арбаға арналған орын, ұстағыштар бар. Ол вагоннын шеткі жағында, яғни кіре салғанда ыңғайлы жерде орналасқан. Дегенмен кейде пойызда адам лық толы болады. Мұндай кезде адамдарға жай ғана әдепті сақтап, мүгедектігі бар адамдарға, қарт кісілерге, балалы жолаушыларға орын берген абзал.
“Сонымен қатар вагон ішінде пойыз қай бекетке жеткенін, келесі қандай аялдама екенін, есік қай тараптан ашылатынын, есіктер жабылайын деп жатқанын қазақша, орысша және ағылшынша айтады”, – дейді Алмас Қыдыралиев.
Қазір Алматы метросында пойыз жолының шетіне металлдан жасалған бағандар қойылған. Бағандар вагондар арасындағы бос кеңістікті жауып тұрады. Яғни сол жерге адамдар құлап кетпесі үшін жасалған. Дегенмен Алмас Қыдыралиевтің айтуынша, бұл - уақытша шешім. 2026 жылдың соңына дейін пойыз жолын толық қоршап тұратын әйнек қоршау салынбақ. Сонда адамдардың пойыз релсіне құлап кету қаупі мүлдем болмайды. Себебі әйнек қоршаудың есігі пойыз тоқтағанда ғана ашылады.
Алмас Қыдыралиевтің айтуынша, Алматы метрополитенінің басты әрі маңызды міндетінің бірі – метроны барлық жолаушыға қолайлы әрі қауіпсіз ету. Сол себепті олар үнемі аудит жүргізіп отырады және метро бекеттерін барынша инклюзивті етеді.
“Мәселен, бір жолаушыдан пандустың ыңғайсыз екенін естіп, оны тексеріп, оны түзедік. Оған қоса тағы қай жерге қандай пандусты, лифтіні орнатуға болатынын тексеріп, қарастырып көреміз. Дегенмен инклюзиядан бөлек, жалпы қауіпсіздік мәселесі, нормасы бар. Оны да ескеруіміз керек. Инклюзия тек - ыңғайлы қатынау ғана емес, барлық адамға теңдей жұмыс ұсына алу. 2025 жыл - жұмысшылар жылы. Бұл дата да, қызметкерлеріміз де біз үшін маңызды. Мәселен, Алматы метрополитенінде мүгедектігі бар, бірақ еңбекке қабілетті адамдар да істейді. Олар көбіне кеңсе жұмысын атқарады”, - дейді маман.
Алматы метрополитені өкілдері болашақта метро бекеттерін көбейтіп, жыл сайын ондағы инфрақұрылымды жақсартқысы келеді. Дегенмен мамандар метро – үлкен қуатпен жүретін, қауіпті қоғамдық көлік екенін, сол себепті жеке бас қауіпсіздігін ұмытпауды да ескертеді.
Метро арқылы қатынағанда нені білу керек?
Алматы метрополитенінің қозғалыс қызметінің басшысы Алмас Қыдыралиев метро арқылы қатынағанда білу керек қарапайым бірақ маңызды мына ережелерді айтып берді:
1. Метро ішінде дауыстап айтылатын дыбыстық ескертулерді тыңдаңыз.
2. Эскалатордың оң жағында тұрыңыз, сол жағымен жүріңіз.
3. Эскалаторға отырмаңыз. Бұл – қауіпті.
4. Пойыз артынан жүгірмеңіз. Оның орнына келесін күтіңіз.
5. Метро платформасында балалармен болсаңыз, оларға қараңыз.
6. Вагон ішінде есікке сүйенбеңіз.
7. Метрода әдеп сақтаңыз.
8. Пойыз жолына жақын жерде алысып, ойнамаңыз.
9. Платформадағы қызметкердің ескертулерін ескеріңіз.
10. Ең бастысы, метро жеке емес, қоғамдық көлік екенін ұмытпаңыз.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
