Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Қазақстанға қантты сусындарға салық енгізуді ұсынды

Дүниежүзілік банк халық денсаулығын жақсарту үшін Қазақстанға қант қосылған сусындарға салық енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: smartik.ru

Дүниежүзілік банк Қазақстанда қантты сусындарды тұтыну 50% артқанын атап өтті. Зерттеуге сәйкес, қазақстандық мектеп оқушыларының жартысы қантты сусындарды апта сайын пайдаланады. Бұл қазіргі балалардың төрттен бір бөлігінің семіздік немесе артық салмақтан зардап шегуіне әкеп соғады. 

Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы қант қосылған сусындарға литріне 100 теңге көлемінде салық енгізуді ұсынды. Салық мөлшерлемесі екі жыл ішінде литріне 180 теңгеге дейін көтерілуге тиіс, яғни бұл қант қосылған сусындардың орташа бағасының 22 пайызы. Дүниежүзілік банк бұл ұсынысты озық тәжірибеге сәйкес деп санайды. Қазір әлемнің 121 елі бұл салықты енгізіп үлгерген. 



Банктің есептеулері бойынша, Қазақстан қант қосылған сусындарға салық енгізсе, олардың сатылымы 16% қысқарады. Алайда бөтелкедегі суды сату 41%, ЖІӨ-нің салық түсімдерін 0,25% арттырады. Бұл темекіге салынатын салық түсімінің сомасына ұқсас (2021 жылы) және қазір алкогольге салынатын салықтан көп. Нәтижесінде мұндай шара халықтың денсаулығына ғана емес, бюджетке түсетін фискалдық кірістерге де оң әсер етеді.

Дүниежүзілік банк дерегінше, салық бизнеске қатты әсер етпейді. Барлық алкогольсіз сусындарды сатудың жалпы көлеміндегі қант қосылған сусындардың үлесі небәрі 3% төмендейді.

Сарапшылар қант қосылған сусын өндірушілердің су және диеталық сусындар сияқты балама сусын түрлерін де шығаратынын атап өтті. Олар сол арқылы пайда таба бастайды. Өйткені адамдардың көп бөлігі сау өнімдерді тұтынады дейді.

"Қазір Қазақстанда реформа бастаудың тиімді уақыты туып тұр. Салық кодексінің алдағы қайта қаралуы қант қосылған сусындарға салықты енгізуге және темекі мен алкогольге салынатын салықты қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық жағдайын жақсартып, мемлекеттік шығындарға қажет қаражатты тартуға көмектеседі", – деді Дүниежүзілік банк.

Айта кетейік, бұған дейін 19 наурызда Қаржы министрі Мәди Такиев қанты бар өнімдерге салықты көбейтуді Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынғанын айтқан еді. 

Талқылау