Қазақстан құрамасының жұлдызды ойыншысы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото:Kff_team
Қазақстан мен “Елімай”клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны футболшының өзі Instagram парақшасында жариялады.
Спортшы стористе “She said yes” деп жазып, қуанышты сәтті бөлісті.

Әзірге футболшы болашақ жарының кім екенін жария еткен жоқ. Оның жеке өміріне қатысты қосымша ақпарат көрсетілмеген.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль авторы атанды. Қазір футболшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.
Бұған қоса Шотландияның The Courier Sport басылымы "Данди" клубы 22 жастағы қазақстандық шабуылшыны қатарына қосқысы келетінін жазған. Себебі Кенжебек қаңтар айында еркін агент мәртебесіне ие болады. Сонымен қатар оған "Хартс", сондай-ақ Португалия, Чехия және Грекия клубтары да көз тігіп отыр.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"

